jasqazaq.kz

АҚШ-тың MTV арнасында Димаштың қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетіледі

30 қыркүйек 2020, 22:09

MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде шырқаған әнінің бейнебаяны көрсетіледі. Осылайша Димаш – MTV арнасынан өз тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атанғалы отыр.Бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез-келген ел тамашалай алады.

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз», – деп Димаш өз лебізін білдірді.

Бейнебаян осы жұма күні Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында, ал Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүктелетіні белгілі болып отыр. Бұл Америкада жұма күнгі прайм-тайм уақыт. Дәл осы уақытта MTV арнасын ең көп көрермен қарайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық