jasqazaq.kz

АҚШ-тың Қытайдағы бас консулдығы жабылды

27 шiлде 2020, 12:47

АҚШ-тың Чэнду қаласындағы бас консулдығы Қытай талаптарына сәйкес ресми түрде жабылды. Бұл туралы ҚХР СІМ мәлімдемесінде жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 27 мамырда сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де) Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы қытайлық тараптың талаптарына сәйкес жабылды», — деп жазылған ҚХР СІМ ресми сайтындағы мәлімдемеде.

Содан соң Қытай құзыретті органдарының өкілдері бас консулдықтың территориясына бас қақпа арқылы кіріп, оны өз қарауына алғаны хабарланған.

Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы 1985 жылы ашылған және елдің оңтүстік-батысына, оның ішінде Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу провинциялары, Тибет автономиялық ауданы, сондай-ақ, орталықтандырылған жүйеге қарайтын Чунцин қаласына жауап беретін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде