jasqazaq.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне жаңа үміткер ұсынылды

05 маусым 2022, 17:14

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметіне Даниэль Розенблюмнің кандидатурасын ұсынды.Бұл туралы   Tengrinews.kz хабарлайды.

Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланды.

«Президент Джо Байден өз әкімшілігінің негізгі басшылары ретінде мына тұлғаларды тағайындау ниетін мәлімдеді: Дэниель Н. Розенблюм — Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымына үміткер», — делінген хабарламада.

Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған.

2014 жылғы шілдеден 2018 жылғы шілдеге дейін Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша Мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер дипломатиялық миссиясын 2021 жылдың қыркүйегінде аяқтады. Былтыр қазаннан бастап АҚШ елшісі міндетін Джуди Куо атқарып келеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр