jasqazaq.kz

АҚШ-тың Кабулға соққысы кезінде тоғыз адам, оның ішінде алты бала қаза болды

30 тамыз 2021, 12:15

 

Америка әскерилері жексенбі күні Кабулдағы жарылыстың ұшқышсыз ұшатын зымыранның жарылғыш зат орнатылған көлікке соқтығысуы салдарынан болғанын растады. Көліктің ішінде «Ислам мемлекеті» тобының ауған бөлімшесіндегі жанкешті лаңкесі болған. Бұл туралы  ВВС сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін америкалық әскерилер Кабул әуежайына тағы да шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескерткен еді. Олардың мәліметінше, көлікке мінген жанкешті кезекті теракті жүзеге асырмақ болған. Бейсенбі күні жарылыс салдарынан 170 адам қаза болды.

АҚШ Орталық қолбасшылық өкілі Билл Урбанның хабарлауынша, Пентагон зымыран салдарынан бейбіт тұрғындардың көз жұмуы туралы хабарды тексеріп жатыр.

CNN хабаралауынша, жексенбі күні жарылыс салдарынан тоғыз адам, соның ішінде алты бала қаза тапқан. Олардың бәрі бір отбасы мүшелері.

Батыс елдері Ауғанстаннан өз адамдарын эвакуациялап жатыр. 31 тамызда НАТО елдерінің әскерилері бұл мемлекеттен кетуі тиіс.

Дүйсенбі күні таңертең Кабул әуежайына қарай бес зымыран ұшырылған, оларды АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі ұстап қалған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия