jasqazaq.kz

АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасалды

15 қантар 2020, 11:05

Ирак астанасы Бағдаттың солтүстігінде орналасқан америкалық Эт-Таджи әскери базасына сейсенбіде зымыран соққысы жасалды, — деп хабарлайды NEWSru.com. Arab News мәліметінше, атыс «Катюша» типті қондырғылардан реактив снарядтармен жүргізілген. Al Sumaria телеарнасының мәліметінше, атылған сегіз зымыранның барлығы әскери нысанның маңайында жарылған, осылайша аз ғана материалдық шығын келген. Соққы салдарынан қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның ресми өкілі полковник Майлз Кэгинс мәлімдеді. «Коалиция әскерилеріне Эт-Тажи базасына жасалған осы шағын шабуыл салдарынан еш зиян келген жоқ», — деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында. Әзірше соққыны кім жасағаны белгісіз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия