jasqazaq.kz

АҚШ-тан келетін құс етінен Salmonella бактериясы табылды

12 қараша 2018, 16:02

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстанға жеткізілетін АҚШ-тың үйрек еті сынамасынан сальмонелланы анықтады.

Осыған байланысты, комитет гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын хабарлайды. «Сальмонелла жұқтырылған өнімді тамаққа пайдалану қолайсыз салдарға апарып соғуы мүмкін. Атап айтқанда, Salmonella тектес бактериялар негізінен жүректің айнуын, құсу, әлсіздік, диарея, іштің ауыруын тудырып, асқорыту жолдарын зақымданумен сипатталады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу ұсынылады» делінгенн комитет таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта сауда объектісінен қауіпті өнімді алу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар жүргізіліп жатыр. Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша, сонымен қатар комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz сайтында көрсетілген). Айта кету керек, бұл үйрек еті Тараз қаласындағы «У. А. Қалымбетова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Береке» дүкенінен алынған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде