
АҚШ-та қатты соққан «Лора» дауылы 18 адамның өмірін қиды. Жойқын жел елдің оңтүстігінде орналасқан бірнеше қаланың астаң-кестеңін шығарған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Луизиана және Техас штатында болған дүлей дауылдан 300 мыңға жуық баспана жарықсыз, 180 мың үй сусыз қалған. Ауа райының кенет құбылуынан жүздеген ғимаратқа зақым келді. Желге жаңбыр қосылып, көлік қозғалысы шектелген. 750 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғаттың тосын мінезі үш күннен бері жергілікті жұрттың мазасын қашырды. Синоптиктердің алдағы күндерге жасаған болжамы да көңіл көншітпейді. Төтеншеліктер тұрғындарды көшеге шықпауға кеңес береді.