jasqazaq.kz

АҚШ-та ұшақ құлап, ішінде болған төрт адам қаза болды

02 маусым 2020, 9:50

Дүйсенбі күні АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы шағын ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша шамамен күндізгі сағат 3:45-те, Карлинвилл қаласынан оңтүстікке қарай 4,8 шақырым жерде белгісіз жағдайда құлаған. Жерде апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады жергілікті шериф Шон Кал. KSDK.com хабарламасы бойынша, әуе апатынан қаза тапқан ұшқыш пен үш жолаушы дос болып, бір университетте оқыған. Жолаушылардың бірі, Даниел Шедд, ұшар алдында ата-анасына ұшақтан селфи жасап жіберген. Оның әкесі Чарльз Шедд ұшқыш Джошуа Свирс ұшақты таяуда ғана сатып алғанын, бірақ әуе кемесі «тамаша жағдайда» болғанын, барлық қажетті тексерістен өткенін айтты. Чарльз баласы мен достарын әуежайға өзі шығарып салған. Шедд баласының осындай шағын ұшақпен ешқашан ұшпағанын, бірақ достарымен бірге ұшуды тағатсыздана күтіп жүргенін айтты. Әкесі арнайы қосымша арқылы ұшақтың ұшуын бақылауға әрекет жасаған кезде, одан ештеңе шықпады, Чарльздің баласына жіберген барлық хабарламалары оған жеткен жоқ. Егде жастағы ер адам оған телефон соққан, алайда жауап болмаған. Содан ол жергілікті полицияға хабарласқан. Ұшақтың сынықтары шамамен күндізгі сағат 4:30-да Карлинвилл қаласына жақын жердегі жазық даладан табылды. Дәрігерлер оқиға орнында барлық төрт достың өлімін белгіледі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия