jasqazaq.kz

АҚШ-та метеорит құлады

15 сәуiр 2021, 13:51

Дүйсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today-ға сілтеме жасап.

Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид екенін баяндады. «Бұл – жарқын жарқылдау мен жарылыс дыбысын туындататын метеориттің ерекше түрі», — деді ол. Хэнки аспан денесінің құлау жылдамдығы мен сипаттамаларына негізделіп, оның астероидтің бір бөлігі екенін шамалап отыр. «Алайда бұл метеорит 2021 GW4 астероидінің бір бөлігі ме, жоқ па, бұл белгісіз болып қалып отыр», — деді ол. Gianluca Masi of VirtualTelescope.eu мәліметінше, 2021 GW4 астероиді дүйсенбі күні таңертең Жерден өте жақын қашықтық – 12430 миль жерде құлаған. Астероидті 8 сәуір күні Аризона штатының Леммон қаласында орналасқан Catalina Sky Survey телескопы анықтады. Сондай-ақ, 16-25 сәуір күндері аралығында Лирида жұлдыз ағатын мезгіл өтетіні хабарланып отыр. EarthSky.org мәліметінше, оның үдемелі кезі, яғни 10-15 метеориттің құлауы 22 сәуірдің таңына қарай болжанып отыр.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды