jasqazaq.kz

АҚШ-та маймыл шешегін жетінші бала жұқтырды

16 тамыз 2022, 11:44

Флорида штатының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, Мартин округіндегі баланың маймыл шешегі ауруына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы ABC News басылымына сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, Флоридада ауру жұқтырған баланың жасы 4 жастан аспаған. Қазіргі уақытта АҚШ-та жеті баланың маймыл шешегі ауруына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

Соңғы жағдай 12 тамызда Мэн штатында жарияланды, онда баланың тестілеу нәтижесі расталған.

Бұған дейін Калифорнияда екі жағдай, Индианада тағы екі жағдай және Вашингтонда бір жағдай тіркелген.

Өткен аптада азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы маймыл шешегі ауруын жұқтыру қаупі жоғары 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға рұқсат берді.

Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша маймыл шешегін жұқтырудың 32 мыңға жуық жағдайы тіркелген, оның ішінде 11 мыңнан астамы – АҚШ-та анықталған. Бұл кез-келген елге қарағанда көп.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық