jasqazaq.kz

АҚШ-та көз жұмған қазаққа қатысты тың деректер шықты

30 қазан 2019, 10:23

АҚШ-та көз жұмған қазаққа қатысты тың деректер шықты. «Астана» телеарнасының сюжетіне сенсек, ол трансгендер болған. Алайда, оның қазасының себебі айтылмай отыр.

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Шын есімі — Айсұлу. Оны 1 жас 2 айлық шағында америкалық отбасы бауырына басыпты. Зерек бала кішкентайынан гимнастика, би және сурет салумен айналысқан. Фото саласында ұлттық марапаттарға ие болған. «Қысқа ғана ғұмырында үлкен жетістікке жеткен жігіт жайында шетелдік басылымдар жарыса жазды. АҚШ-қа Диана деген жаңа есімді алып кеткен өрімдей қыздың, кейіннен қалайша Дэвинге айналып кеткені белгісіз», — дейді телеарна журналистері. Сонымен қатар, журналистер асырап алынғанға дейін баланы асыраған «Дельфин» сәбилер үйін де тауыпты. Директоры Өмірбек Байкеов баланың АҚШ-қа кеткеніне көп уақыт өткенін айтқан. Бала жайында мәлімет білу үшін ол аривті көтерген. «Архивті ақтарып отырып, оның бізге 1 айлық кезінде түскенін анықтап отырмыз. Оны 2002 жылдың 10 желтоқсанында оны асырап әкетті. Денсаулығында еш ауытқу болмаған. Біздің балалардың барлығының да дені сау», — дейді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық