jasqazaq.kz

АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны Қытайдан асып түсті

27 наурыз 2020, 9:55

АҚШ коронавирус жұқтырған адамдардың саны бойынша Қытайдан озды. Бейсенбі күнгі мәліметтер бойынша, АҚШ-та індетке шалдығудың 82040 жағдайы тіркелді. Қытайда науқастанғандардың жалпы саны 81782 болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елдің коронавирус жұқтыру оқиғалары бойынша бірінші орынға шығуы адамдарға тестілеудің жаппай өткізілуімен байланысты. Нью-Йорктің өзінде ғана ауру жұқтырған 30 мыңнан астам адам бар. Бұдан нашар статистика тек Италияда ғана. Індет жұқтыру оқиғалары Американың барлық 50 штатында тіркелген, одан көз жұмғандар саны 1000 адамға жетті. Бұған дейін АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін екі триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл Америка тарихында үкімет көрсетіп отырған ең көлемді пакет – АҚШ-тың әрбір ересек тұрғыны 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек алатыны шамаланған. Бұдан бөлек, шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаржылық демеу көрсету қарастырылған. АҚШ-та коронавирус індеті өршігеннен кейін жұмыссыз адамдардың саны артып, рекордты 3,3 миллионға жетті.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі