
Америкалық БАҚ қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кейінгі жеңісінен кейін болашағы жайлы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
«Рахмонов бразилиялық ардагер Мишель Празересті UFC Vegas 30 жарысы аясында жеңген алғашқы файтер атанды. UFC жартылай орта салмақта соңғы бірнеше жылда, Хамзат Чимаевтан бөлек, Рахмонов секілді мықты файтер болмаған.
UFC 254-те дебют жекпе-жекте Алекс Оливейраны жеңуі, бәлкім, назардан тыс қалды. Алайда Празересті жеңуі «Көшпендінің» жартылай орта салмақ жұлдызы болатынын анық байқатып тұр», — деп жазылған Sportskeeda.com сайтында.