jasqazaq.kz

АҚШ-та қазақстандық 15 жылға сотталды

21 желтоқсан 2017, 10:45

Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсеткені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нью-Йорк штатының Шығыс округінің прокуратурасының сайтында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бруклин федералды сотының судьясы Уильям Кунц «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына материалдық көмек көрсетпек болғаны үшін Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовты 15 жылға бас бостандығынан айырды», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, Сайдахметовтың ДАИШ ұйымына кірмек болғаны белгілі болды. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан азаматы жазасын өтегеннен кейін АҚШ-тан шығарылады. Ал прокуратураның мәліметінше, қазақстандық 22 жастағы жігіт Нью-Йорк аумағында тұратын басқа да бірнеше адамдармен келісімге келген. Оларға да (Өзбекстанның төрт азаматы) осы сипаттағы айыптар тағылып отыр. Айта кетейік, Ахрор Сайдахметов 2015 жылдың ақпан айында Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда ұсталған болатын. Ал АҚШ билігіндегілер оның Түркияға бағыт алған ұшаққа отырып, ары қарай Сирияға кетпекші болғанын мәлімдеген еді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды