
Америкада Қазақстан азаматы оқ тиіп, мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», — деп атап өтеді министрліктен. Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды. «ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», — деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен. Оқ жарақатынан мерт болғандар туралы ақпарат тарататын gunmemorial сайтында Сент-Пол қаласында көлігінде өлі табылған адамның 34 жастағы Юлия Ли екендігі көрсетілген.