jasqazaq.kz

АҚШ-та Илон Масктың соты өтіп жатыр

04 желтоқсан 2019, 11:15

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Илон Маскты Таиландтағы үңгірде су астында қалған балаларды құтқарған ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансуортқа жала жапты деген күдікпен соттап жатыр. Кәсіпкер оны педофил деп атаған еді, — деп хабарлайды РИА Новости. Сотта Илон Маск өз сөзінде оны педофил деп айыптамағанын жеткізді. SpaceX басшысының адвокаты Алекс Спайро бұл жерде «нақты бір дерек туралы емес, тек тіл тигізу» екенін түсіндірді. Өз кезегінде екінші тарап, Масктың танымал адам екенін алға тартып, оның сөздері ел арасында айтарлықтай салмағы барын мәлімдеді. Сот отырысы 4 желтоқсанда өтеді, онда Маск жауап беретін болады. Вернон Ансуорт 2018 жылы маусымда Таиландта 12 бала мен жаттықтырушыны құтқару операциясына қатысқан. Ол балалардың қайда екенін тауып, команда жасақтап, құтқарған. Маск және SpaceX компаниясы Таиландқа дайверлерге көмек ретінде өздерінің жасаған кішігірім суасты қайығын жіберген. Ансуорт сұхбат беру кезінде құрылғыны қолдану мүмкін еместігін айтып, бұл Масктың PR-трюгі екенін және «суасты кемесін бір жеріне тығып қоюын» айтқан болатын. Осыдан кейін Маск бірнеше рет дайверді педофил және балалар зорлықшысы деп атаған. Журналистерге жіберген хатында ол Ансуорттың Таиландта кәмелетке толмаған қызға үйлену үшін әдейі қалғанын айтқан. Маск сынға қалып, Twitter-де жазған жазбалаларын өшіріп тастап, эмоцияға берілгенін айтқан. Алайда Ансуорт оны сотқа беріп, өзі туралы айтылған сөздерді жоққа шығаруын талап етіп, моральдық шығын ретінде 75 мың доллар сұраған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда