
АҚШ-тың Колорадо штатында әуеде екі жеңіл ұшақ соқтығысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Денвер қаласының маңында Metroliner және Cirrus маркалы ұшақтары апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, қақтығыс олар қонуға дайындалған кезде болған.
Төтенше жағдай салдарынан ұшақтардың бірі апатты қону кезінде қолданылатын парашютпен су қоймасының маңына түсуге мәжбүр болған. Екіншісі қатты зақымданғанына қарамастан Centennial әуежайына қауіпсіз қонды.
АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) мәліметі бойынша, бірінші ұшақта ұшқыш пен жолаушы болған, екіншісінде тек ұшқыш болған. Олар зардап шеккен жоқ. Ешқайсы медициналық көмекке жүгінбеді.
«Ұшқыштардың әрқайсы дәл қазір барып лотерея билетін сатып алуы тиіс. Бәрі аман қалды, мұндайды ешқашан көргем жоқ», — деді округ шерифінің орынбасары Джон Бартманн.
🛩VIDEO AFTER COLLISION🛩
Video by Hector Valezquez shows the moment a plane fell from the sky, just moments after colliding with another.
Nobody was hurt in the incident, miraculously. @CBSDenver https://t.co/NHsg2FUJpc pic.twitter.com/SWgD5jG80N
— Dillon Thomas (@DillonMThomas) May 12, 2021