jasqazaq.kz

АҚШ-та «Әл-Фараби» қазақстандық орталығы ашылады

23 қараша 2020, 14:30

Ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Американың Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қоры (ӨЫАҚ) арасындағы өзара келісім бойынша Мэриленд қаласында (АҚШ) құрылады.

Бұл өркениеттердің ұлы философы – әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан айтулы жылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды оқиға болмақ.

Орталық Қазақ ұлттық университеті есімін абыроймен алып жүрген адамзаттың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алтын энциклопедиялық мұрасын ілгерілету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі бірегей халықаралық алаңға айналады.

Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қорының басты миссиясы түрлі конфессияға жататын халықтар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын дамыту. Қор басшысы Мохамад Башар Арафат атап өткендей: «Осы тұрғыдан алғанда, әсіресе пандемия және әлемдік экономика мен саясаттағы терең өзгерістер жағдайында қазіргі әлемде әл-Фарабидің рухани мұрасына жүгінудің маңызы аса зор. Әл-Фарабидің ілімі қайырымды және кемелді қоғамға қол жеткізу жолында бірігу әрі ынтымақтастық идеяларын негізге алған, сондай-ақ, бұл идеялар бүгінгі күні жаңа қауіп-қатерлерге тап болған әлем үшін ерекше өзекті».

Жуырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ Джордж Вашингтон атындағы Америка университетімен бірлесіп ұлы ойшылдың мерейтойына арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді. Университет әлемнің түрлі елдерінде әл-Фарабидің 12 орталығы мен үйін ашып, белсенді жұмыс жүргізуде. Осындай Орталық Америкада алғаш рет ашылады.

АҚШ-та «әл-Фарабидің» алғашқы орталығын ашу туралы уағдаластық адамзат ойшылының тұлғасына деген жоғары құрметтің және оның гуманистік мұрасына ерекше қызығушылықтық белгісі ретінде бағаланады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белсенді халықаралық қызметі және оның америкалық әріптестерімен тиімді өзара әрекеттесуі, Мэрилендтегі «әл-Фараби» орталығына ұлы философтың мұрасын еліміздің бренді ретінде зерделеу мен ілгерілетудің, сондай-ақ жердің батыс жарты шарында Қазақстанның тілі мен мәдениетін дәріптеудің озық орталығы болуға мүмкіндік береді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия