jasqazaq.kz

АҚШ -та 76 адам аптап ыстықтың құрбаны болды

01 шiлде 2021, 17:46

 

АҚШ-тың Орегон және Вашингтон штаттарында 76 адам қалыптан тыс ыстықтың құрбаны болды, ал дененің қызып кетуіне байланысты ауруханаға жатқызылғандардың саны жүздеп саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, тек Орегон штатында дененің қызып кету салдарынан 63 адам қайтыс болды. «Бұл нағыз денсаулық дағдарысына айналды. Қалыптан тыс ыстықтың өлімге апарып соғатынын көрсетті», – дейді Малтнома округінің (Орегон) Денсаулық сақтау департаментінің өкілі доктор Дженнифер Вайнс.

«Біздің жақта жаз бұдан да қатты ысиды, сондықтан бұл жағдай әлі де қайталанады деп ойлаймын». Портлендта және штаттың басқа да қалаларында осы аптада температура 46 градусқа дейін көтерілді. Көршілес Вашингтон штатында сәл салқындау болды, онда ыстық салдарынан болған 13 өлім расталды. Көз жұмғандар 44-тен 97 жасқа аралығында. Олардың өлімінің себебі гипертермия –дененің ыстықты жеңе алмайтындай қызып кетуі. Вашингтонның медицина басқармасы аптап салдарынан өзін нашар сезінген 1 648 адамға шұғыл барғандары туралы хабарлады. 358 жағдайда адамдар стационарлық емделуге жіберілді. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің болжамына сәйкес, елдің батыс жағалауындағы қалыптан тыс ыстық тағы бірнеше күнге созылады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия