jasqazaq.kz

АҚШ-та 2048 жылдан келдім деген «уақыт саяхатшысы» тұтқындалды (видео)

09 қазан 2017, 10:24

Американың Вайоминг штатындағы Каспер қаласының тәртіп сақшылары болашақтан келгенін айтып, жақын арада бөгдеғаламшарлықтар шабуыл жасайды деген жігітті ұстады, — деп хабарлайды ABC арнасы.

27 жастағы Брайант Джонсон полицияға қоңырау шалып, маңызды мәліметтер білетінін және міндетті түрде президентпен тілдесуі керектігін хабарлаған. Ал келіп жеткен полицейлерге өзін 2048 жылдан келген «уақыт саяхатшысы» екенін айтқан. Ер адамның айтуынша, бөгдеғаламшарлықтар Жерге 2018 жылы келеді, сондықтан қала тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру керек. Ол тіпті болашақтан қалай келе алғанын сипаттаған: бөгдеғаламшарлықтар оны ішімдікке тойдырып, үлкен алаңға шығарады да, ол сол жерден телепортация жасаған-мыс. © Casper Police Department Полицейлер ер адамның сөзіне сенбеген және одан ішімдік иісі аңқып тұрғандықтан ауруханаға жеткізуді ұйғарған. Дегенмен ер адам бұған қарсылық көрсеткен. Сараптама қорытындысы ер адамның қанында 0,13 пайыз алкогольдің барын көрсеткен. Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тұтқындалып, абақтыға қамалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде