jasqazaq.kz

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

23 ақпан 2022, 10:49

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск халық республикаларын тануына байланысты санкциялар енгізетінін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шаралары ең алдымен қаржы саласына бағытталған. Нақтырақ айтқанда енді Ресейдің Батыстан қарыз алып, АҚШ пен Еуропа нарығында өзінің құнды қағаздарын орналастыруына тыйым салынады. Шектеулер Внешэкономьбанк пен Промсвязьбанкке де қатысты. Себебі бұл құрылымдар Кремльмен тығыз байланыста – дейді Ақ үй басшысы. Байден бұдан бөлек Ресей элитасы мен олардың жақындарына да шектеулер енгізілетінін жеткізді. Бірақ Байден АҚШ дағдарысты шешу үшін келіссөз жүргізуге дайын екенін айтып, Украинаға қаржылай және әскери көмек көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Джо Байден, АҚШ президенті: – Біздің Ресеймен соғысуға ниетіміз жоқ. Бірақ АҚШ өз одақтастарымен бірге НАТО-ға мүше елдердің аумағын қорғап, өзінен алған міндеттерді орындайтынын жеткізеді. Біз Ресей Украинаға қатысты бұдан өзге де әрекеттерге барғалы отыр деп санаймыз. Мен бұл пікірімнің жаңсақ болғанын қалар едім. Бірақ Ресейден Украинаның өзге аймақтарына қауіп күшейді.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде