jasqazaq.kz

АҚШ пен Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды

01 сәуiр 2022, 12:19

АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды, оның ішінде Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі «Микрон» акционерлік қоғамы бар.

Санкцияға ұшырағандар арасында Мәскеудегі «Серния Инжиниринг» және жабдық өндіруші «Серталь» компаниясы бар. Қаржы министрлігі оларды Ресей қорғаныс секторы үшін азаматтық мақсатта қолданылуы мүмкін жабдықтар мен технологияларды заңсыз сатып алды деп айыптады.

Сонымен қатар, жапон билігі Солтүстік Кореядағы қару-жарақ жобаларына қатысқаны үшін төрт ресейлік ұйым, үш ресейлік жеке тұлға және солтүстік кореялық алты жеке тұлғаның активтеріне тыйым салды, деп хабарлады Reuters.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ «Аполлон», «РК Бриз», «Зил — М» және «Парсек» компаниялары кіреді. Оларға Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық жобаларына қатысты деген айып тағылып отыр. Енді олардың Жапониядағы барлық активіне тыйым салынады, деп хабарлады министрлік.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді