jasqazaq.kz

АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары кездесті (видео)

12 маусым 2018, 10:49

Бүгін, 12 маусым сейсенбі, Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун тарихи кездесу өткізді.

Трамп пен Ким Жоң Ун Сентоза шағын аралындағы The Fullerton Hotel қонақ үйінің залында кездескеннен кейін, бір-бірін келіссөз залына қарай бастады. Жылы сөздермен басталған алғашқы бірер ауыз диалогтан кейін, екі ел лауазымдылары БАҚ өкілдерін шығарып жіберіп, келіссөздің негізгі бөлегіне кіріскен. Келіссөз нәтижесі туралы қазірге дейін толық мәлімет таратылған жоқ. Дегенмен, АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық қарудан «Толық, қадағалаулы және қайталанбайтын» шарттар негізінде бас тартуды талап еткен. Оның есесіне Солтүстік Кореяның экономикалық өркендеуіне, бейбіт һәм жарқын болашаққа қарай дамуына көмек көрсетуге уәде еткен. Солтүстік Корея осыған дейін де, ядролық қарудан бас тартатынын мәлімдеген. Тек қауіпсіздігі мен тұрақтылығына АҚШ-тың кепілдік беруі қажет екенін айтып келген.

qazaqtimes.com

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді