
АҚШ пен Қытай әлемдік нарыққа қатты әсер етіп, әлемдік экономикаға кері әсерін тигізген сауда соғысын әлсірету туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Вашингтонда өткен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісім АҚШ экономикасына оң ықпал ететінін мәлімдеді. Ал Қытай тарапы бұл келісім екі мемлекет үшін де ұтымды екенін және екі ел арасындағы қарым-қатынасқа оң ықпал ететінін айтты. Келісім бойынша Қытай АҚШ импортын 200 млрд долларға жеткізіп, интеллектуалды меншік ережесін күшейтеді. Ал АҚШ Қытай тауарына енгізілген жаңа тарифтерді екі есе қысқартады.