jasqazaq.kz

АҚШ Конгресі Джо Байденнің президент сайлауындағы жеңісін ресми растады

07 қантар 2021, 15:32

АҚШ Конгресі ел президенттігіне үміткер Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін ресми растады. Бұл туралы  ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«АҚШ Конгресі Байденнің жеңісін бекітті. Формальді процедура ұзаққа созылып кетті, алайда барлығы сақталды. Таңертең сағат үш жарым кезінде вице-президент Майк Пенс отырысты жабық деп жариялады», — делінген ақпаратта.

78 жастағы Джо Байден Американың 46-ыншы президенті болды. Инаугурация 20 қаңтарға жоспарланған.

Еске салайық,сәрсенбі күні АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауысын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын. Сайлауда демократтар партиясының өкілі Джо Байден жеңіске жеткен еді.

Алайда, бұған дейінгі президент Дональд Трамптың жақтастары жаппай наразылық акциясын бастап, олардың бір тобы конгресс ғимаратына басып кірді.

Түн жарымына қарай АҚШ конгресін және Сенатын күзететін полиция Трамптың жақтастарын Капитолий аумағынан тықсырып шығарды. Сенат ғимаратын АҚШ ұлттық ұланының жасағы күзетуде.

Вашингтонда коменданттық сағат енгізілді.

Наразылық акциясынан кейін АҚШ Конгресі дауыстарды сертификаттауды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеген еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия