jasqazaq.kz

АҚШ-қа кетіп қалып, сол жақта мейрамхана ашқан

29 тамыз 2018, 15:21

Оңтүстік Қазақстан тумасы Ергоның АҚШ-та тұрып жатқанына 2 жыл болған. Ол осы уақыт ішінде жат мемлекетте мейрамхана ашып үлгерген. Ендігі жас жігіт өзінің мейрамхана желісін ашуды жоспарлап отыр.
Жас жігіт АҚШ-тағы өмірі мен кәсібі туралы айтып берді, – деп хабарлайды ZTB.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.  Ергоның сөзінше, ол кезекті девальвация кезінде шетел асуды ұйғарған. «Мен Америкаға дейін көп саяхаттадым. Маған әр елдің мәдениеті ұнайтын. 2016 жылы Қазақстан экономикасында өзгерістер болды. Сол кезде әрі қарай не істейтінімді ойлай бастадым. Мен өз мемлекетімде әзірге кәсіпкерлікпен айналыса алмайтынымды түсіндім. Себебі теңге құнсызданып жатты. Сондықтан тәуекелге бел буып, АҚШ-та жаңа өмір бастауды ұйғардым. Шынымды айтсам, бұл мемлекетте өмір сүремін деп ешқашан ойлаған емеспін. Және Американың фанаты болған жоқпын. Алайда бұл мүмкіндіктер мемлекеті екенін жақсы түсіндім. Сол себепті жаңа өмір бастау үшін шетел асуға шешім қабылдадым», – деп еске алды ол.
Мұнан кейін Ерго Флорида штатының Майами қаласына қоныс тепкен екен. «Мен бұл елге енді келген кезімде ешкім емес едім. Отанымды, отбасымды қатты сағындым. Сондықтан нақты бір дүниеге ойымды шоғырландыра алмадым. Сол себепті тынбай жұмыс істей бердім. Күніне 18 сағаттан және апталап жұмыс істеген кездерім болды. Тіпті демалыс алмадым. Мұның бәрін ештеңе ойламауым үшін жасадым», – дейді жас жігіт.
Нәтижесінде Ерго АҚШ-та өз кәсібін ашуды ұйғарған.
«Америкада кәсіп бастау оңай. Кәсіпті онлайн тәртіпте бес-ақ минуттың ішінде ашуға болады. Алайда кәсібіңді ашу үшін барлық құжатты рәсімдегеннен кейін міндетті түрде бірнеше лицензия алуың керек», – дейді ол.
Бүгінде Ергоның жағажай маңында шағын мейрамханасы бар. Ол бұл кәсібін ашу үшін рұқсат қағазын және барлық лицензияны алумен өзі айналысқан. «Мұнда да денсаулық және тамақтану департаменті, өрт сөндіру, жергілікті қалалық басқармадағы «қатер-менеджерлері» деген тәрізді түрлі тексерістер бар. Егер тексерістен бір рет өтсең, мұнан кейін қайта-қайта тексеріп келіп, мазаңды алмайды. Әр лицензия мен рұқсат қағаз бір жылға беріледі.

Мұнда барлығы үшін кәсібіңнің жабылып қалғаны емес, дұмыс істеп тұрғаны маңызды. Тіпті сен кәсіппен айналысқан кезде қарапайым адамдар да түсіністікпен, құрметпен қарайды. Себебі бұл жақта ол салықты жақсы төлеп отырғаныңды, демек мемлекетке пайда әкеліп отырғаныңды аңғартады. Және сақтауға міндеттелетін бірнеше шарт бар. Оларды бұзбайынша, мемлекет сенің жағыңда болады. Ең басты шарт – салықтар. Алайда барлығы оңай емес. Мұнда бәсекелестік өте жоғары. Сондықтан көп еңбектену керек», – дейді Ерго.
Кәсіпкердің сөзінше, америкалықтар – өте еңбекқор. Олар үшін ақша – басты ынталандырушы әрі өмірлік мақсаты. «Америкалықтар еңбекті сүйеді. Сондықтан үнемі тағы қалай табыс табуға болатынын ойлайды. Адамдар қанша табыс табатынын бір-біріне ашық айта береді. Егер еңбекқор болсаң, еңбегің бағаланады», – дейді қазақстандық.
Сөз соңында Ерго әзірге Қазақстанға оралуды жоспарламайтынын мойындады. «Жүрегім үйге қайтқысы келеді. Алайда миым әлі уақыты келмегенін түсінеді. Қазақстанға инвестор ретінде қайтып келіп, әлдекімге көмектесіп, мемлекеттің дамуына өз үлесімді қосқым келеді», – дейді мейрамхана иесі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді