jasqazaq.kz

АҚШ Иранмен байланысы бар Сириядағы нысандарға соққы берді

24 тамыз 2022, 15:11


АҚШ әскери күштері сейсенбіде Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында Иранның Ислам революциялық сақшылар корпусымен (ИРСК) байланысты топтар пайдаланатын нысандарға әуе шабуылдарын жасағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбідегі АҚШ Қарулы күштері орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл президент Джо Байденнің бұйрығымен жасалған және АҚШ күштерін Иран қолдаған топтардың шабуылынан қорғауға бағытталған.

«Бүгін Президент Байденнің бұйрығымен АҚШ қарулы күштері Сириядағы Дейр-эз-Зор провинциясына әуе шабуылдары жасалды. Бұл нақты соққылар америкалық әскерлерді қорғауға арналған», — делінген хабарламада.

Мәлімдеме 15 тамызда болған оқиғаға сілтеме жасалған. Ол кезде Сириядағы халықаралық коалиция күштерінің аумағына және АҚШ қолдаған Сирия оппозициясының жауынгерлеріне пилотсыз ұшырылатын қарумен шабуыл жасалған болатын.

«Құрама Штаттар шиеленіс іздемейді, бірақ халқымызды қорғау үшін қажетті шаралар қолдануды жалғастырады. АҚШ күштері ДАИШ содырларын жеңу үшін Сирияда қалады», — деді USCENTCOM қоғаммен байланыс директоры полковник Джо Буччино.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр