jasqazaq.kz

АҚШ астронавты ғарыштан Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)

17 желтоқсан 2021, 14:35

НАСА астронавты Марк Ванде Хай Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортынан Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ АҚШ-пен достықтың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мен өз атымнан және экипа жымның атымнан Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ Қазақстан-Америка қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтаймын», — деп атап өтті Марк Ванде Хай ХҒС-тағы борттан.

Сондай-ақ ол 30 жыл бұрын Құрама Штаттардың Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Содан бері екі ел барлық салаларда, соның ішінде ғарышты меңгеруде тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатты. «Маған Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан осы үлкен орбиталық зертханаға екі рет ұшу бағы бұйырды. Қазақстанның қолдауының арқасында маңызды жұмысты жалғастырып жатырмыз», — деді НАСА астронавты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде