jasqazaq.kz

АҚШ Ашық аспан шартынан шықты

23 қараша 2020, 10:54

Америка Құрама Штаттары жексенбіде ресми түрде 30-дан астам мемлекет мүше болып келген Ашық аспан шартынан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап. АҚШ мұндай жоспары барын осыдан бір жыл бұрын мәлімдеген еді: Вашингтон Ресейді Калининград облысына, Грузия шекарасына және ірі әскери жаттығу аймақтарына ұшуға тыйым салды деп айыптады. Осылайша Ресей шартты бұзғанымен қоймай, АҚШ-тың инфрақұрылымы жайлы ақпарат жинау үшін оны теріс мәнде пайдаланды деген болатын. Шартқа 1992 жылы қол қойылды. Шарт бойынша мүше-елдер бір-бірінің аумағын барлауға, әскерлерінің орналасқан жерін және қозғалысын бақылай алады. Осы арқылы әскердің қарулануына қойылатын шектеулердің орындалуы бақыланады. Осындай барлаудың нәтижесінде алынған ақпарат келісімнің барлық қатысушысына қолжетімді. Осыған байланысты бірнеше күн бұрын Ресей СІМ Шартта қалған елдер Вашингтонмен деректерді бөлісуді тоқтатады және Еуропа елдеріндегі америкалық әскери базалар шарттан тыс қалмайды деп мәлімдеген болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия