jasqazaq.kz

АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын мәлімдеді

22 мамыр 2020, 12:30

АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығуға шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Ресейдің құжат шарттарын бірнеше рет бұзуы себеп. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осылай деп мәлімдеді. Мысалы, Ресей әскерилері келісім бойынша Америка мен Еуропаның аумағымен ұшып, бақылауды жоғары дәлдікті қаруын стратегиялық нысандарға бағыттауға пайдаланған. Ал америкалықтарға өзіндегі кей аудандардың үстімен ұшуға рұқсат бермеген. Бірақ осыған қарамастан Еуропаның бірқатар елі Вашингтонның шешімін қолдамайтынын жеткізді. Айта кетейік, Ашық аспан туралы келісімшарт 1992 жылдың наурыз айында қол қойылған. Оған сәйкес 35 мемлекет бір-бірінің аумағымен ұшып, әскери ахуалды бақылап отыруға келіскен.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Алайда Ресей ашық аспан туралы келісімді сақтамай отыр. Егер шартты орындамаса, біз келісімді тоқтатамыз. Бірақ жаңа жол табуға мүмкіндігіміз мол деп ойлаймын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде