jasqazaq.kz

Ақсайда аяғына оқ тиген 25 жастағы жігіт ауруханаға түсті

07 желтоқсан 2020, 19:17

Ақсай қаласында аяғына оқ тиген 25 жастағы тұрғын ауруханаға түсті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 желтоқсан күні түнде қаланың солтүстік бөлігінде болған. Сағат 23.50-де 25 жастағы тұрғын атыс жарақатымен Бөрлі аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне түсті. 23 жастағы күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Мылтық тәркіленді. Қазіргі кезде оқиғаның неден өрбігені анықталу үстінде. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бөрлі аудандық орталық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, сол жақ балтырына оқ тиген тұрғынға ота жасалған. Жағдайы орташа деп бағалануда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өгей әкесі 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде