jasqazaq.kz

Нұргүл Мауберлинова Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

26 сәуiр 2018, 16:35

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Бұрын вице-министр лауазымында Алан Әжібаев болған еді, ол берген өтінішіне сәйкес бұл лауазымнан босатылды. Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлектетік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылым мен коммерциялық секторда қызмет еткен. 2006-2008 жылдары — Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы. 2008-2012 жылдары — Қазақстан Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі. 2012-2016 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды. 2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық