jasqazaq.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Наурыз мейрамын тойлады

21 наурыз 2023, 15:01

Астанадағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлады. Министрліктің Телеграм-каналы жазғандай, іс-шараға министр Дархан Қыдырәлі және министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Дархан Қыдырәлі Наурыз жаңару мен жақсылық мерекесі екенін атап өтті.

«Біздің министрлік азаматтық қоғамның дамуына жауапты болғандықтан, қастерлі құндылықтарды ұлықтап, көпке үлгі-өнеге көрсетуі заңдылық деп білеміз. Мейрамға орай ұйымдастырылатын іс-шаралар, спорттық жарыстар ұжымның ынтымағын, ауызбірлігін арттыра түседі деп сенеміз», — деді министр.

Іс-шара соңында ақпарат және қоғамдық даму министрі барлық қатысушыларға ізгі ниетін айтып, жаңа жылда ырыс-береке мен молшылық тіледі.

JQ-Aqparat

Сурет: AҚДМ баспасөз қызметі

Бүгін, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
Бүгін, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
Бүгін, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді