jasqazaq.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

24 ақпан 2021, 15:03

Серік Егізбаев Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, сондай-ақ БЛКЖО жанындағы Жоғары комсомол мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы «Чапаев» зауытында жұмысшы болып бастаған. Ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін зауытқа қайта оралды.

1990-1993 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар Одағы идеологиялық бөлімінің меңгеруші-хатшысы.

1993 жылы — Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру және кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2001-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2016 жылғы қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы наурызда — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап қазірге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия