jasqazaq.kz

Ақпарат министрі: Халықтың мәдениеті мен талғамы өскенде мұндай бағдарламаларды жабуға мүмкіндік туады

26 мамыр 2021, 23:04

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева рейтингі жоғары бірнеше бағдарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Балаева халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде «Қалаулым», «Қослайк» бағдарламаларының жабылуы туралы пікір білдірді. Министр халықтың сұранысы бар кезде мұндай бағдарламаларды жабу мүмкін болмайтынын айтты.

“Бұл — жауыр болған мәселелердің бірі. Дегенмен біздің ақпарат министрлігінің кез келген бағдарламаны жауып тастауға құқығы жоқ. Арнайы заң бар. Бұл бағдарламалар жекеменшік БАҚ құралдарында таралып жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін, біз ол бағдарламаларды өндірушілерге өз ұсыныстарымызды айттық. Бірақ ол бағдарламалардың рейтингі жоғары. Қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі өліп-тіріліп сол бағдарламаларды қарайды”, – дейді министр.

Министр халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек екенін жеткізді.

“Астарлы ақиқат”, “Қалаулым” бағдарламалары еліміздегі рейтингі жағынан ең жоғарғы бағдарламалар болып отыр. Бұл халықтың сұранысы жоғары екенін байқатады. Халық көріп отырғаннан кейін БАҚ иесі бағдарламаны жаппайды. Сондықтан министрлік пен БАҚ халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру мәселесін дұрыс жолға бағыттауы керек. Сонда ғана мұндай бағдарламаларды жабуға мүмкіндік аламыз”, – дейді Балаева.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия