jasqazaq.kz

Ақордаға жаңа Елтаңба ілінді

07 қараша 2018, 12:39

Еліміздің атауы латын қаріптерімен QAZAQSTAN деп жазылған. Бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына сәйкес күшіне енді.
Айта кетейік, жаңартылған Елтаңба Парламент пен ҚР Үкіметінің ғимаратында да пайда болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Ғылыми техникалық комиссияның отырысы өтіп, мемлекеттік Елтаңбаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын қарпінде QAZAQSTAN болып өзгертілді. Бұл Елтаңбаға енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Бұдан бұрын 2017 жылы пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.


Өзгерістер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы» Жарлығына сәйкес жасақталды.
Еліміздің Елтаңбасы, әмбеге аян, 1992 жылы қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.

Baq.kz 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде