jasqazaq.kz

Ақордада Орталық Азия елдерінің басшылары кездесті

15 наурыз 2018, 16:15

Ақордада Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі өтіп жатыр. 

ҚазАқпарат  хабарлағандай,  «Біздің ішкі мәселелерімізді шешу үшін тұрақты жұмыс кеңесін өткізу бастамасы Өзбекстан Президентіне тиесілі. Оның жеңіл қолымен біз туындаған мәселелерді оңай шеше аламыз. Кездесуіміз барлығымыз үшін ортақ көктем мерекесі — Наурызда өтуінің нысандық мәні бар. Оған қоса, бұған дейінгі кездесу 9 жыл бұрын өткен болатын. Содан бері кездескен жоқпыз. Әрине, байланыс болды. Бірақ мұндай кездесу болған емес», — деді жиынды ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан көршілерімен, әсіресе тарихы мен мәдениеті, дүниетанымы ортақ Орталық Азия елдерімен тығыз экономикалық ынтымақтастыққа ұмтылатындығын баса айтты. «Халқымыз үшін мұндай кездесудің басымдығы айқын. Біріншіден, мемлекеттеріміздің әлеуетін біріктіру осы жерде тұрып жатқан барлық халықтар үшін тиімді. Екіншіден, өңірішілік сауда мен бірін-бірі толықтырып отыратын экономика көлемінің артуы да барынша тиімді болады. Үшіншіден, өңірлік қауіпсіздікті нығайту бәрімізді де алаңдатады. Төртіншіден, тарихи, этникалық және мәдени тығыз байланыстар біздің өңір халықтарын бір-бірімен жақындастырады», — деді Елбасы. Айта кетейік, кеңеске Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Меджлисі төрайымы Акджа Нурбердыева ханым қатысуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде