jasqazaq.kz

Ақорда қақпасына соғылған полицейдің мас болғаны белгілі болды

24 қантар 2018, 17:48

Ақорда қақпасына соғылған полицей жүргізуші куәлігінен айырылып, ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Өткен аптада полиция аға лейтенанты Иманбеков Porsche Cayenne көлігімен Ақорда қақпасына соғылған еді. Қалалық полиция түсіндіргендей, жүргізуші көктайғақта рөлге ие бола алмай, көлік апатына ұшырапты. Айыпты полицей мен оның тікелей басшысы ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.

Іс Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот қаулысына сүйенсек, Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны Ербол Иманбеков 17 қаңтарда таңғы 03.14 кезінде Porsche көлігімен Ақорда өткізу-бақылау бекетінің қақпасына соғылған. Салдарынан көлік пен қақпа бүлініпті.

«Әкімшілік істі қарау барысында анықталғандай, Иманбеков көлікті мас күйінде жүргізген. Ол ӘҚБК 608-бабы 3-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасады», — делінген сот қаулысында.

Иманбек сотта кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.

Сот ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, бес жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

sputniknews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды