jasqazaq.kz

Ақмолалық тұрғын адам өлтіріп, мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған

07 қыркүйек 2022, 16:27


Ақмола облысының тұрғыны адам өлтіріп, мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған. Ер адам 5 жылдан кейін қылмысын мойындап, полицияға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 3 қыркүйекте Атбасардың 53 жастағы жергілікті тұрғыны полицияға келіп, қылмыс жасағанын мойындаған. Ер адамның сөзінше, ол 2017 жылдың шілдесінде Целиноград ауданының Талапкер ауылында өзімен бірге жұмыс істеп жүрген 49 жастағы ер адамды өлтірген. Қылмысын жасыру үшін өздері құрылысын жүргізіп жатқан үйде мәйіттің үстіне бетон құйып тастаған.

«Ер адам қылмысқа өзара сөзге келіспей қалғаннан барғанын айтты. Кейін өлтірген адамның денесін жасырған орынды көрсетті, ол жерден адамның сүйектері табылды.

Қазіргі уақытта адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнынан заттай айғақ ретінде балға (кувалда) тәркіленді. Целиноград аудандық полиция бөлімі осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ведомстводан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр