jasqazaq.kz

Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген

03 маусым 2022, 15:34

Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақкөл қаласының 37 жастағы тұрғыны 23 сәуірде жергілікті полиция бөліміне жүгінген. Ер адамның айтуынша, белгісіз тұлғалар оның атына микроқаржы ұйымдарының бірінен ақшалай несие рәсімдеген. Бұл дерекке қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу бастаған. Осы қылмысты ашу және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар кешенін өткізген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жедел уәкілдер онлайн-несиені шағым иесі елордада жүргенде өзі рәсімдегенін анықтаған. Тергеу аясында полицейлер оның алаяқтық дерегі бойынша полицияға жүгінуінің себебі неде екенін анықтап жатыр. Өзінің айтуынша, несиесі барып ұмытып кеткен, кейін төлеуі керегін білгенде, алаяқтардың құрбаны болдым деп полицияға жүгінуді шешкен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде