jasqazaq.kz

Ақмолалық мешіттен садақа жәшігін ұрламақ болған

26 сәуiр 2021, 12:51

Ақмола облысында мешіттен садақаға арналған жәшікті ұрлап әкетпекші болған күдікті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 25 сәуірде Шортанды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреудің мешіт ғимаратынын садақа жәшігін ұрламақшы болғанын айтты. «Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ұрының мешіттің терезесін бұзып ішіне түскенін анықтады. Полиция қызметкерлері мешітте және сол маңдағы бейнебақылау камераларындағы жазбаны зерттей келе, күдікті анықтады. Ол Шортанды кентінің 44 жастағы тұрғыны болып шықты», — деді ведомстводан. Анықталғандай, ер адам садақа жәшігінің құлыбын бұза алмай, тастап кетіп қалған. «Қазіргі кезде осыған байланысты «ұрлыққа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «шақырғанда келу міндеттемесі» процессуальдық шарасы қолданылды», — деп толықтырды ведомстводан.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия