jasqazaq.kz

Ақмолада дауылдан үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды (Видео)

26 шiлде 2021, 17:18

Ақмола облысы Степногор қаласындағы Изобильное ауылының 147 абоненті құйын желдің салдарынан жарықсыз қалды. Қолайсыз ауа райынан елді мекендегі бірнеше үйдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 шілде күні Степногор қаласындағы Изобильное ауылында сағат 18:15 шамасында дауылды жел соққаны жайлы хабар келіп түскен. Дауыл салдарынан электр бағаналары, ағаштар бүллінген, сондай-ақ тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кеткен. «Оқиға орнына келгенде елді мекенде 25-30 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 17 электр бағанасының бүлінгені, бір үйдің шатыры толығымен, ал 29 тұрғын үйдің шатыры ішінара ұшып кеткені анықталды. Сондай-ақ ауыл клубы ғимаратындағы 20 шаршы метр аумақтың шатыры бүлінген. Сонымен қатар, дауыл жылу қазандығы ғимаратындағы 100 шаршы метр аумақтың шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ», — деп атап өтті ведомство. Электр бағаналарының бүлінуі салдарынан ауылдың 147 абоненті жарықсыз қалды. Оқиға орнында «Көкше-энерго» ЖШС-ның апаттық тобы жұмыс істеуде. Сондай-ақ құтқарушылар атап өткендей, Бестөбе кентінде де үш тұрғын үйдің шатыры зақымдалған. «Степногор қаласының әкімдігі елді мекендерге келген шығынды бағалау үшін, табиғи апаттың салдарын жою үшін комиссия құрды», — деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия