jasqazaq.kz

Ақмолада 15 келі есірткімен саудагерлер ұсталды

03 қыркүйек 2019, 14:46


Ақмола облысында 15 келіге жуық есірткі саудаламақ болғандар ұсталды.

Ведомствоның мәліметінше, «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы кезінде облыс аумағына Жамбыл облысынан есірткі (гашиш) жеткізу жолы кесілді. Есірткі саудасымен айналысқан топты анықтап, ұстау мақсатында Ақмола облысының наркополицейлері екі апта бойы кешенді шара жүргізген. «Биылғы жылғы тамыздың 30-да Ерейментау ауданының аумағында жүргізілген арнайы алдын алу шарасы кезінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталып, одан 1,8 грамм гашиш салынған қағаз бума алынды. Ал, оның көлігін тексеру кезінде иісшіл иттің көмегімен төрт бумаға бөлініп салынған, жалпы салмағы 3 келі 988 грамм гашиш табылды», — дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Бұдан бөлек, аудан аумағында есірткі саудасымен айналысқан жергілікті екі тұрғын ұсталды. «Оның бірінің жұмыс орнын тінту барысында бірнеше бөліп қағаз бумаға салынған 900 грамм есірткі табылса, екінші күдіктінің үйінен есірткі затын пайдаланатын жасанды аспап алынды. Сол күні астана іргесіндегі аудан аумағында Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның жеке заттарын тінту кезінде спорттық сөмкесінен 10 келі қара сора табылды. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», деп толықтырды ведомстводан.

 ҚазАқпарат 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде