jasqazaq.kz

Ақмола тұрғыны жалған полицейге 1 млн теңге берген

04 қараша 2022, 15:28

Ақмола тұрғыны жалған полицейге 1 млн теңге берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына қаланың 23 жастағы тұрғыны жүгінді.

«Жас жігіт 28 қазанда облыс орталығының қонақ үй кешендерінің бірінен шығар кезде оған ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, ақша талап еткенін айтты. Өтініш берушінің айғақтарына сәйкес, оны қаскүнем жеңіл жүрісті әйелдеріне барғаны үшін қылмыстық жауаптылықпен қорқытып, 1 млн теңге талап еткен”, — дедінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының уақытша жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Жеке тінту кезінде күдіктіден полиция қызметкері куәлігінің мұқабасы мен ақшалай қаражат табылып, тәркіленді.

Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр