jasqazaq.kz

Ақмола тұрғыны жалған пәтерді жалға берген

23 мамыр 2022, 14:49

Ақмола тұрғыны жалған пәтерді жалға берген, — деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО тұрғыны алаяқтық құрбаны болған. 9 наурызда СҚО тұрғыны, 36 жастағы жәбірленуші алаяқтық дерегі бойынша Полиция басқармасына арыз берген. Наурыздың басында әйел Көкшетауда ұзақ мерзімді жалға алу үшін пәтер іздеп, танымал интернет-сайттардың біріне жүгінген. Осылайша, ол өзіне ұнаған пәтерін таңдап, хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалған. Сөйтіп, жалдау сомасына келіскен, бірақ пәтер иесі алдын-ала төлем жасауды сұраған. Ол бұл әрекетінің себебін клиент көптігіне байланысты деп түсіндірген.

Күдікті WhatsApp арқылы клиентке пәтердің суреті мен құжаттардың суреттерін жіберген. Бірақ бұл құжаттар жалған болып шыққан. Әйел оған 15 мың теңге сомасында алдын ала төлем жіберген. Алайда ақшаны алған «пәтер иесі» байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаяқтық схемасын түсінген жәбірленуші бірден полицияға арыз берген.

«Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу басталды. Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті. Қабылданған шаралар нәтижесінде 21 мамырда қылмысқа Степногорсктің 29 жастағы тұрғыны қатысқаны анықталды. Қазір полицейлер ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, айыпталушы қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр