jasqazaq.kz

Ақмола облысының полицейлері ұрланған жүк көлігін бір сағат бойы қуды

05 мамыр 2021, 12:11

Ақмола полицейлері жүк көлігін айдап әкеткен 25 жастағы ақмолалықты қууға мәжбүр болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 3-де таңертең Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Краснояр ауылының тұрғыны жүк көлігін белгісіз біреудің айдап әкеткенін айтып көмек сұраған. Көлік иесіне келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгені құрады. «Полиция қызметкерлері қылмыстың түнде жасалғанын анықтады. Күдікті үйдің жанында тұрған «ЗИЛ» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Патрульдік полиция және жергілікті атқару органдарының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында бейнебақылау камерасы арқылы көлікті анықтады. Күдікті қудалау кезінде көлікті тоқтату туралы заңды талапты орындамады», — деді ведомстводан. Бірнеше сағаттан кейін «Әскер-1» патрульдік полициясы экипажының қызметкерлері лейтенант Дархан Бопиев пен лейтенант Олжас Тілеуов «Рузаевка – Көкшетау» автожолының 3 шақырымында ұрланған көлікті тоқтатты. Көлік ішінде 25 жастағы қаскүнемнен бөлек, оның анасы болған. «Қазіргі кезде осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі «Автомобильді заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ мас күйінде көлік құралын жүргізгені және полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп толықтырды ведомстводан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия