
Бүгін үкіметтің кезекті жиыны тұңғыш рет қазақ тілінде өтті. Бақытжан Сағынтаевтан бастап барлығы мемлекеттік тілде сөйлеген жиналыстың шырқын Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин бұзды деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.
Инвестиция тарту бойынша Премьер-Министрге онлайн арқылы есеп берген əкім кіріспе сөзінен соң баяндамасын орысша оқыды. Айта кетейік, кеше еліміздің ақпарат жəне коммуникациялар министрін қабылдаған Президент «латын əліпбиіне көшу, мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеруге байланысты Парламент пен үкіметтің жиындары қазақ тілінде өту керек» — деген тапсырма берген болатын. Алайда Ақмола облысы əкімі М. Мырзалиннің əрекетінен соң, білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев те баяндамасының жартысын орысша оқыды. Бір қызығы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасына немқұрайлы қараған шенеуніктерге ешқандай ескерту жасамады