jasqazaq.kz

Ақмола облысындағы жол апаты: бірнеше көлік соқтығысты (Видео)

07 наурыз 2022, 23:20

Бүгін сағат 15-20-да Ақмола облысының Шортанды ауданында Бозайғыр ауылының маңында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары дереу шықты.

«Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 16 қызметкері мен 4 техникасы, мен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 9 қызметкері мен 3 техникасы зардап шеккендерді құтқару және адамдарды эвакуациялау бойынша көмек көрсетуде. Сондай-ақ, оқиға орнында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, өңір полицейлері және жедел жәрдем жұмыс істеуде», — деді ведомстводан.

Анықталғандай, 7 жеңіл және бір жүк көлігі соқтығысқан.

«Құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар, жаппай жол апатына байланысты оқиға аймағында 100-ге жуық автокөліктің кептелісі орын алды», — деп толықтырды ведомстводан.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде