
Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған өңір әкімінің қаулысы мен облыстық маслихаттың шешім құжатында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақмола облысы Бурабай ауданының Красный кордон ауылы Ақмола облысы Бурабай ауданының Аққайың ауылы деп аталсын.
Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», — деп жазылған құжатта.
Ұсынысты ашық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.