jasqazaq.kz

Ақмола облысындағы бірқатар жол жабылды

18 ақпан 2020, 16:52

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы бірқатар жол жабылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 18-19 күндері облыс аумағында оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел тұрып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 және 30 метрге дейін жетеді. «Осыған байланысты ақпанның 18-де сағат 15:30 республикалық тас жолдардың «Екатеринбор–Алматы» 856-917 км (СҚО шекарасы–Жақсы кенті), «Жезқазған-Петропавл» 377-595 км (Қостанай обл. шекарасы–Знаменка кенті), «Қостанай–Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км (Қостанай обл. шекарасы–Сұрған кенті), «Жақсы–Есіл–Бұзылық» 64-80 км (Есіл қаласы–Бұзылық кенті) учаскелері, сағат 16:00 бастап «Нұр–Сұлтан–Ерейментау–Шідерті» (16-200 км (Нұр-Сұлтан қаласы–Павлодар облысы шекарасы) учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды», – дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия